2026 жылғы 19-20 ақпанда Астана қаласында «AITU KazRoboDrone 3.0» дронрейсинг және авиамодельдеу халықаралық байқауы өтті. Байқау Astana IT University (бұдан әрі – AITU) базасында бірлескен ұйымдастырушы және бас демеуші ЖШС «Казахстан инжиниринг»           Research&Development» орталығы  қолдауымен ұйымдастырылды.

            Халықаралық кезеңге Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасының қалаларынан 160 қатысушы қатысты.

            Байқаудың мақсаты – Қазақстан Республикасында ұшқышсыз технологияларды дамыту және танымал ету, сондай-ақ осы саладағы мектеп оқушыларының, студенттердің және мұғалімдердің кәсіби өсуіне жағдай жасау.

            «AITU KazRoboDrone 3.0» халықаралық дронрейсинг және авиамодельдеу  байқауында Павлодар облысынан 5 оқушы қатысты: Павлодар қаласы Қ.Мақпалеев атындағы жалпы орта білім беру  мектебінің 5-сынып оқушысы Феклистов Константин, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 6-сынып оқушысы Трынов Марк, Павлодар қаласы Б. Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 2-сынып оқушысы Байдолла Асқар,  Павлодар қаласы Ш. Шөкин атындағы жалпы орта білім беру мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Рощенко Матвей, Павлодар қаласы №41 жалпы орта білім беру  мектебінің 6-сынып оқушысы Радович Роман.

            Халықаралық байқаудың қорытындысы бойынша авиамодельдеу сайысында Павлодар қаласы Қ. Мақпалеев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 5-сынып оқушысы Константин Феклистов 2-орынға ие болды.

            Халықаралық кезеңге жолдама алған барлық қатысушылар қатысу сертификатына ие болды.

 

«Ертіс дарыны» қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы