Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы 2026 жылғы 24-27 ақпан аралығында Астана қаласында өтті.

Байқау халықаралық тәжірибеге сәйкес ашық көрме форматында өткізілді.

 Оқушылардың республикалық ғылымижобалар конкурсына физика,техника,жер және ғарыш туралы ғылымдар,математика,қолданбалы математика, информатика, экономика, биология, химия, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы секциялары бойынша 623 жобамен 463 оқушы қатысты.

Павлодар облысын 15 жобамен 20 оқушы таныстырды – облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы бойынша Ақсу қаласының №8 ЖОББМ-нің 11 сынып оқушысы Иманбаев Батырхан (математика секциясы) алтын медаль мен І дәрежелі дипломның иегері атанды

Күміс медальдарына және ІІ дәрежелі дипломдарына Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназиясының 11-сынып оқушысы Серікпай Сүлейман ( математика секциясы) мен Екібастұз қаласының №18 ЖОББМ-нің  9 сынып оқушысы Нұрымжан Даниял (информатика секциясы) ие болды.

Қола медальдарымен және ІІІ дәрежелі дипломдарымен  дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 10, 9 сынып оқушылары Марат Нұрсұлтан (биология секциясы) және Васильев Роман (математика секциясы), сонымен қатар Павлодар қаласының №11 ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы Фесик Кирилл (физика секциясы) марапатталды.

            Дарынды балаларға арналған №3 гимназияның 11, 10 сынып оқушылары Абылкасова Дамира мен Гайрулла Нұралы және Қ.Сәтбаев  атындағы дарынды балаларға арналған гимназияның 9 сынып оқушылары Серікжанқызы Фатима мен Серіков Рамазан РҒПО-ның Құрмет грамоталарына ие болды.

 

 «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы