2026 жылғы 16 ақпанында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 9-11 сынып оқушыларына арналған Сыни ойлау және философия бойынша олимпиаданың республикалық кезеңін өткізді.
Олимпиаданың мақсаты: Қазақстанда философиялық білім беруді дамыту, жоғары сынып оқушыларының философияға қызығушылығын арттыру, сыни ойлау мен шығармашылық қабілеттерді қалыптастыру.
Олимпиада ағылшын тілінде өтті.
Өту форматы: ұсынылған цитаталардың біріне көлемі 500 сөзден аспайтын эссе жазу. Қатысушы цитатаны өзі таңдап, эссені арнайы бланкке қолмен жазды.
Павлодар облысынан 6 оқушы қатысты.
ІІІ дәрежелі дипломдарына Павлодар қаласының №33 жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Айсана Өндіріс пен Павлодар қаласының Шапық Шөкин атындағы жалпы орта білім беру гимназия-мектебінің 11-сынып оқушысы Данелия Паламарчук ие болды.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы

