«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 19 ақпанда 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.

Сегіз пән бойынша жүргізілген зияткерлік жарысқа Павлодар облысының 324 оқушысы – қалалық, аудандық кезең жеңімпаздары қатысты.

Олимпиада қорытындысында жүлделі орынға 165 оқушы ие болды: І орын – 24; ІІ орын – 49, ІІІ орын – 92.

Облыстық кезеңнің ең жоғары ұпай жинаған жеңімпаздары республикалық олимпиадаға қатысады.

Хаттамалар

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы