«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ғы оқушылардың әлеуметтік жауапкершілік тәрбиелеу, экологиялық сауаттылығын арттыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты қорғау қызметіне бейімдеу мақсатында, сондай-ақ оқушылардың интеллектуалды-шығармашылық әлеуетін ынтыландыру үшін 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңі (бұдан әрі – Конкурс) 2026 жылғы 18 наурыз күні Павлодар қаласының Малайсары батыр атындағы жалпы орта білім беру мектебінің базасында (Малайсары батыр көшесі, 3) өткізілетінін хабарлайды.
Конкурстың ережесі www.ertisdaryn.kz сайтында орналасқан.
Облыстық кезеңге қатысу үшін аудандық, қалалық білім бөлімдері мен мамандандырылған мектептер көрсетілген квота бойынша 4 немесе 5 оқушы қатысады, әр бағыттан бір жобадан ғана ұсынылады.
Конкурс 4 бағыт бойынша өткізіледі:
- «Туған өлке табиғаты» – 1 жеке жоба;
- «Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем» – 1 жеке жоба
- «Үздік экологиялық бастама» – 2 қатысушыдан аспайтын 1 командалық жоба;
- «Таза қала сізден басталады» – 1 жеке жоба.
Тіркеу: 9.00-9.30-ға дейін.
Конкурстың басталуы сағат 10.00-де.

