Павлодар облысы білім басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 27 наурызда Павлодар облысының мектепке дейінгі ұйымдары мен жалпы орта білім беру мектептерінің мектепалды топтарына (сыныптары) арналған  «Жауқазын» олимпиадасының (бұдан әрі – Олимпиада) аудандық/қалалық кезеңі өткізеді.

               Олимпиаданың негізгі мақсаты – интеллектуалдық қабілеті жоғары деңгейдегі, дарынды және талантты мектеп жасына дейінгі ересек  балаларды айқындау және қолдау көрсету болып табылады.

               Олимпиада екі кезеңде өтеді: 1 кезең (аудандық/қалалық) – 2026 жылғы 27 наурызда; 2 кезең (облыстық)2026 жылғы сәуір айында.