«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының 2025-2026 оқу жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 18 наурызда сағат 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Әбіш оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізіледі.

Әбіш оқуларының негізгі мақсаты – мектеп оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабылеттерін, эстетикалық талғамдарын, сөз мәдениетін дамыту, дарынды балаларды анықтау, әдеби мұралардың жүйелі оқылуын жолға қою.

Байқау келесі 5 бағыт бойынша өтеді.

  1. Иллюстрациялық сурет салу
  2. Мәнерлеп жатқа оқу
  3. Шығармашылық жұмыс
  4. Сахналық қойылым
  5. Ә.Кекілбаев шығармалары бойынша ақындар мүшәйрасы.