Қостанай қаласында 2026 жылғы 19-24 наурыз аралығында 9-11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша математика және информатика пәндерінен республикалық олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты: дарынды оқушыларды аңыктау, олардың ғылыми әлеуетін дамыту және халықаралық олимпиадаларға дайындалатын ұлттық құраманы қалыптастыру.
Олимпиадаға еліміздің барлық өңірлерінен 310 дарынды оқушылар қатысты, оның ішінде математика пәні бойынша 161, информатика пәні бойынша – 149 қатысушы.
Олимпиада барысында қатысушылар алгоритмдік ойлау, күрделі есептерді шешу, бағдармалау және терең математикалық талдау дағдыларын көрсете білді.
Павлодар облысының намысын облыстық олимпиаданың жүлдегерлері 10 оқушысы қорғады, 6 медальге ие болды, оның ішінде 4 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.
Математика пәні бойынша күміс медаль иегерлері: дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушылары Шубладзе Юрий, Катунина Юлия (мұғалім – Лилия Викторовна Стадникова), «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 8, 9 сынып оқушылары Жандельдинов Бексултан (мұғалімі — Арыстан Анатольевич Текенов), Ғаллам Әлішер (мұғалімі — Кымбат Ораловна Омарова).
Қола медаль иегерлері: дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Ермек Әділ (информатика, мұғалімі — Хумархан Жантилек) және дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Куракбаев Алихан (математика, мұғалімі — Владимир Григорьевич Шкиль)

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы

