Астана қаласында 2026 жылғы 20-25 наурыз аралығында 9-11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша биология және физика пәндерінен республикалық олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты: дарынды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың теориялық білімдері мен практиқалық дағдыларын тереңдету, жеке тұлғаның өзің-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау. Сонымен қатар, олимпиада арқылы дарынды балаларды аңықтап, оларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау.
Білім додасы теориялық және практикалық турлардан тұрады және оған еліміздің әр өңірінен 305 оқушы қатысты.
Павлодар облысының намысын облыстық олимпиаданың 16 оқушысы қорғады, 11 медальге ие болды, оның ішінде 3 алтын, 5 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
Алтын медаль иегерлері: Уткин Николай, дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы (физика, мұғалімі – А.Н.Билида), Билялов Нурали және Қайркен Ерсұлтан, ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10, 11 сынып оқушылары (биология, мұғалімі – О.Б. Әмзеев).
Күміс медаль иегерлері: ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9, 10 сынып оқушылары Ғабдулжағыпар Аңсар, Саматұлы Алимұхаммед (биология, мұғалімі — О.Б.Әмзеев), дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 8, 10 сынып оқушылары Шакуов Даниал (физика, мұғалімі – А.Н.Билида), Сагиденова Камила (физика, мұғалімі – А.Н.Захаров) және Титков Дмитрий, дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясының 11 сынып оқушысы (биология, мұғалімі – Б.Ж. Каирбаева).
Қола медаль иегерлері: дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Перепелица Даниил (физика, мұғалімі – А.Н.Билида), дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8,10 сынып оқушылары Антмухаметов Шадияр, (биология, мұғалімі – О.Б. Әмзеев) және Қайырбек Исмаил (физика, мұғалімі — Дулатұлы Ерасыл).

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша
білім беру оқу-әдістемелік орталығы

