2026 жылғы 31 наурызда «Жалпы білім беретін мектептердің 9–11 сынып оқушылары арасында республикалық VIII «Абайтану» олимпиадасының облыстық кезеңі өтеді. Іс-шараны Павлодар облысы білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырады.

Зияткерлік сайыста қатысушылар Абай шығармашылығын терең меңгеру деңгейін көрсетіп, эссе жазу мен көркем мәтінді талдау бойынша білімдерін сынайды.

Олимпиада екі кезеңнен тұрып, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен грамматикалық сауаттылығын анықтауға бағытталған.