2026 жылғы 7 сәуірде Республикалық «Абай оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтеді. Іс-шараны Павлодар облысы білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырады.
Абай оқуларының негізгі мақсаты қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарың арттыру.
Сайыс аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары 8–11 сынып оқушылары арасында бес бағыт бойынша өткізіледі: «Абайдың асыл мұрасы…» – Абай өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп жатқа оқу (қатысушы өзі жатқа білетін қара сөздерінің, өлеңдерінің тізімі мен жинағын конкурсқа алып келуі қажет); «Абайдың ақын шәкірттері» – Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай және Мағауия Абайұлдарының шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу; «Әнді сүйсең менше сүй» – Абай, Ақылбай мен Шәкәрімнің әддері мен күйлерін орындау; «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» – жас ақындар сайысы (қатысушы жаттаған өлеңдерінің жинағын конкурсқа алып келуі қажет); «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» – Абай туралы көркем туындыларды толық білуі, талдай жасай алуы керек.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар облысы білім беру басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Облыстық кезең жеңімпаздары республикалық конкурсқа жолдама алады.

