«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 10 сәуірде Павлодар облысының мектепке дейінгі ұйымдары мен жалпы орта білім беру мектептерінің мектепалды топтарының (сыныптарының) тәрбиеленушілеріне арналған «Жауқазын» олимпиаданың облыстық кезеңі Павлодар қаласының Ж. Ташенев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің базасында (Варушин көш., 6/2) өткізеді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – интеллектуалдық қабілеті жоғары деңгейдегі, дарынды және талантты мектеп жасына дейінгі ересек балаларды айқындау және қолдау көрсету болып табылады.
Олимпиаданың бағдарламасы:
9.00 – 9.30 – қатысушыларды тіркеу,
10.00 – 11.00 – олимпиада.
Ескерту: Әр қатысушыда өзімен бірге бейдж (қатысушының аты-жөні, білім беру мекемесінің атауы, аудан/қала), қалам, түсті және қарапайым қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, су болу қажет.

