Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы мамыр айында мектепке дейінгі ұйымдар және жалпы орта білім беру мектептерінің мектепалды топтарының (сыныптарының) тәрбиеленушілеріне арналған «Балауса» облыстық олимпиадасын өткізу жоспарлануда.

            Олимпиаданың негізгі мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамыун қамтамасыз ету және оларды мектепке даярлау бағытында мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру.

            Олимпиада командалық біріншілік түрінде, екі кезеңде өткізіледі:

            І кезең  (аудандық/қалалық)  — 2026 жылғы 16 сәуір;

            ІІ кезең  (облыстық) – 2026 жылғы мамыр айында.

               Облыстық кезеңге аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінен 5 (бес) тәрбиеленушіден тұратын 1 команда қатысады.