Абай облысы Семей қаласында 2026 жылдың 25-27 наурызында химия және биология пәндерінен Жәкула Күшікұлы атындағы аймақтық олимпиадасына Ақмола, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының     9-10 сынып оқушылары қатысты.

      Біздің аймағымыздың намысын қорғаған 4 оқушы – республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінін жүлдегерлері, төрт алтын медальға ие болды.

        Аймақтық олимпиада қорытындысы бойынша алтын медальдарына және   І дәрежелі дипломдарына  Павлодар қаласының А. Шәмкенов атындағы лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Айдаров Амирхан (химия, мұғалімі Логвинова Л.М.), облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Сердюкова Алена (биология, мұғалімі Сулейменова Г.Д.), «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Қабылбек Іңкәр (химия, мұғалімі Қалым Г.М.) және дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Кабаева Алина (биология, мұғалімі Нығмет А.Б.) марапатталды.

            Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры  жеңімпаздарға 150 000 теңгенің ақшалай сертификаттарын, ал оқушыларды дайындаған ұстаздарға 30 000 теңгенің сертификаттарын табыс етті.

 «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы