2026 жылғы 24–28 наурыз аралығында Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің базасында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған 2–4 сынып оқушыларына арналған XIX республикалық «Бастау» математикалық олимпиадасына 49 команда құрамында 147 оқушы қатысты.

Павлодар облысының намысын бастауыш сынып оқушыларына арналған өңірлік математикалық турнир жеңімпаздарынан құралған екі құрама команда қорғады.

Мемлекеттік тілде оқытылатын сыныптар арасында Павлодар қаласының №38, №48 орта мектептерінің және Май ауданы Көктөбе орта мектебінің оқушылары қатысты.

Орыс тілінде оқытылатын сыныптар арасында Павлодар қаласындағы Ш. Шоқин атындағы мектеп-гимназиясының, «ДеТвоРа» білім беру кешенінің және №1 «Академия успеха» жекеменшік мектебінің оқушылары қатысты.

Олимпиаданың жеке есебінде ІІ дәрежелі дипломмен «ДеТвоРа» білім беру кешенінің 3-сынып оқушысы Артем Путиков, ІІІ дәрежелі дипломдармен Ш. Шокин атындағы орта мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы Савелий Бутенко мен №1 «Академия успеха» жекеменшік мектебінің 2-сынып оқушысы Таир Адахан марапатталды.

Командалық турда ІІІ дәрежелі дипломмен Ш. Шокин атындағы  мектеп-гимназиясының, «ДеТвоРа» білім беру кешенінің және №1 «Академия успеха» жекеменшік мектебінің оқушылары ие болды.

Барлық жүлдегерлерді және олардың жетекшілерін құттықтаймыз! Жаңа жеңістер мен жарқын жетістіктер тілейміз!