2026 жылғы 31 наурызда жалпы білім беретін мектептердің 9–11 сынып оқушылары арасында республикалық VIII «Абайтану» олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Іс-шараны Павлодар облысы білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырылды.

Зияткерлік сайыста қатысушылар Абай шығармашылығын терең меңгеру деңгейін көрсетіп, эссе жазу мен көркем мәтінді талдау бойынша білімдерін тексерді.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды және оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен грамматикалық сауаттылық деңгейін  анықтауға бағытталды.

Олимпиада қорытындысы бойынша 10 оқушы жүлделі орынға ие болды, оның ішінде: І орын – 3, ІІ орын – 3, ІІІ орын – 4.

І дәрежелі дипломмен Павлодар қаласы №38 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Хуаныш Мұнара, Екібастұз қаласы №25 қазақ қыздар гимназиясының 10-сынып оқушысы Инербаева Меруерт, Ы. Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Шорман Еркежан марапатталды.

ІІ дәрежелі дипломмен «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушылары Қырықбаева Нұрай мен Хубдуллова Ардана, Ы. Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Ермұхамет Гауһар марапатталды.

ІІІ дәрежелі дипломмен Павлодар қаласы М. Әлімбаев атындағы мектебінің 9-сынып оқушысы Абраева Алуа, Павлодар қаласы №47 мектебінің 10-сынып оқушысы Рамазан Ағайша, Қ. Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияның 10-сынып оқушысы Алпысбай Айару,  Ы. Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы Жарылғасын Әділет марапатталды.

Жеңімпаздар 2026 жылғы 21–24 сәуір аралығында Алматы қаласында өтетін республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысу құқығына ие болады.