Павлодар облысының білім беру басқармасы мен Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында 2026 жылғы 6 сәуірде 7–8 сынып оқушыларына арналған «Ғылыми десант» шеберлік сыныптары өткізілді. Іс-шараға 200-ден астам оқушы қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты — дарынды балаларды қолдау, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және ғылыми-зерттеу, танымдық іс-әрекетке қызығушылығын арттыру, тұлғаның қалыптасуының ерте кезеңдерінде кәсіби бағдар беру, сондай-ақ білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайту.
Шеберлік сабақтарын университеттің жетекші оқытушылары физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар пәндер бойынша олимпиадалық тапсырмаларды орындап, есептердің жан-жақты талдауы жүргізілді, шешу жолдарының негізгі идеялары қарастырылып, тапсырмаларды орындаудың тиімді тәсілдері түсіндірілді. Сонымен қатар, оқушыларға өз шешімдерін өздігінен тексеру бойынша ақпарат беріліп, олимпиадада жиі кездесетін қателіктерге талдау жасалды.
Аталған іс-шара оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамытудағы маңызды қадам болып, дарынды жастарды анықтау мен қолдауға жаңа мүмкіндіктер ашатын олимпиадалық қозғалысты дамытудың бастау алаңына айналды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы

