«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 7  сәуірде «Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Шараға 3 қала, 10 ауданның жалпы білім беру және 10 мамандандырылған мектептердің 8-11 сыныптарынан 76 оқушы қатысты.

Конкурс қорытындысы бойынша 40 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: І орын – 5, ІІ орын – 13, ІІІ орын – 22.

«Абай мұрасын дәріптеу – біздің ортақ міндетіміз. Бүгінгі байқауда оқушылардың ой-өрісі, сөз өнеріне деген ықыласы мен ізденісі айқын көрінді», — деді Дина Кабдышукуровна.

«Абайдың асыл мұрасы» (Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу) бағытында I орын – Екібастұз қ. №12 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Ахметқалиева Айтолқын; ІІ орын – Павлодар қ. Жетекші ЖОББМ 10 сынып оқушысы Байбулатова Алима, Ертіс ауданы №4 ЖОББМ 9 сынып оқушысы  Бақытбекқызы Әмина; Шарбақты ауданы Александровка ЖОББМ 10 сынып оқушысы Базарбай Сая; ІІІ орын – Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Айгожина Жанерке, облыстық көп салалы дарынды баларға арналған лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Мусанова Медея, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Агинтаев Адиль, Аққулы ауданы Тлектес ЖОББМ 8 сынып оқушысы Жумажанова Лаура, Баянауыл ауданы Е.Бекмаханов ат. ЖОББМ 9 сынып оқушысы Жакен Жанел, Май ауданы Е.Мұқашев ат.ЖОББМ 10 сынып оқушысы  Каримова Айзада, Ертіс ауданы Абая ат.ЖОББМ 10 сынып оқушысы Ашенова Дильназ.

«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» (жас ақындар сайысы) бағытында I орын – Ақсу қ. Ы.Алтынсарин ат. Қазақ ОМ 10 сынып оқушысы Сарсенбай Нұрсәт; ІІ орын – Ертіс ауданы №2 ЖОББМ 9 сынып оқушысы  Хайрат Айзере, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Қайрат Алдияр; ІІІ орын – Павлодар қ. Малайсары батыр ат. ЖОББМ 11 сынып оқушысы Мүтбай Інжу, Железин ауданы Есқара ЖОББМ 8 сынып оқушысы Ирисматова Жасмина, Май ауданы Саты НЖОББМ 8 сынып оқушысы Думан Ақбар,  «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Медіғат Кәусар.

«Әнді сүйсең менше сүй» (Абай және Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындау) бағытында I орын – Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы Шорман Еркежан; ІІ орын — Павлодар қаласы А.Байтұрсынов атындағы ЖОББМ 8 сынып оқушысы Шмулько Валерия, Баянауыл ауданы Е.Бекмаханов атындағы ЖОББМ 10 сынып оқушысы Кенжетай Бейбарыс, Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназияның 9 сынып оқушысы Сәрсенбай Дана, дарынды балаларға арналған № 3 гимназияның 8 сынып оқушысы Сәрсембаева Самира, «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Нұптеке Каусар; ІІІ орын — Ақсу қаласы Береке ЖОББМ 9 сынып оқушысы Аманханқызы Айару, Аққұлы ауданы Ямышев ЖОББМ 8 сынып оқушысы Нургалиева Адина, Павлодар ауданы Мичурин ЖОББМ 10 сынып оқушысы Орынберген Аягөз, Тереңкөл ауданының № 1 Песчан ЖОББМ 10 сынып оқушысы Айгожина Аружан, «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Қаршыға  Жанел, облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаттың 9 сынып оқушысы Балтабек Арайлым.

 «Абайдың ақын шәкірттері» бағытында I орын – Екібастұз қ. №33 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Жұмағалиқызы Гүлзана; ІІ орын – Май ауданы Май ЖОББМ  9 сынып оқушысы Серікқали Айнара, облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 8 сынып оқушысы  Нурмаганбетова Аина; ІІІ орын – Аққулы ауданы А.Баймұлдин ат. ЖОББМ 8 сынып Жуков Мейрамүл, Шарбақты ауданы Есілбай ЖОББМ 10 сынып оөушысы Тоты Нұрайым, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9 сынып Қабдолла Бибарыс.

«Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» бағытында I орын дарынды балаларға арналған Абай атындағы  гимназияның 8 сынып оқушысы Төлеубай Бибі; ІІ орын – дарынды балаларға арналған №3 гимназияның 8 сынып оқушысы Кенжехан Жансұлу; ІІІ орын – Екібастұз қ. Абай ат. №2 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Сұлтанмұрат Жанбота, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы Болатжан Інжуна.

Облыстық жеңімпаздар Семей қаласындағы Абайдың отанында өтетін республикалық байқаудың қорытынды кезеңіне қатысады

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы