«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының 2025-2026 оқу жылғы жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасындағы облыстық «І. Жансүгіров оқулары» байқауы 2026 жылғы 21 сәуірде өткізіледі.
Байқау Ережеге сәйкес келесі 5 бағыт бойынша жүргізіледі:
- «Ілияс – эпик ақын» – «Құлагер» поэмасын жұптар (жеребе арқылы) құрамында кезекпен жалғастыру (қатысушы поэманы толық жатқа білуі керек);
- «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап» – жас ақындар сайысы (қатысушы байқау кезінде ұсынылған тақырыптардың біреуін таңдап, 90 минут ішінде 4 шумақтан кем емес өлең жазып, мәнерлеп оқиды);
- «Ілияс – қара сөз шебері» – көркемсөз оқу (қатысушы проза немесе драмалық шығармадан үзіндіні 5-7 минутте мәнерлеп оқиды).
- «Сұлу сөздің сүлейі» – қатысушы қосымшада берілген өлеңдердің біреуін таңдап, композициялық құрылысын, көркемдегіш құралдарын жазбаша талдап, ауызша түсіндіреді (дайындалу – 5 минут, талдау – 3 минут).
- «Заманның заңғар тұлғасы» – жазушының 1 шығармасына буктрейлер жасау (буктрейлер ұзақтығы – 3 минут).
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар облысы білім беру басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Облыстық кезең жеңімпаздары республикалық конкурсқа жолдама алады.

