«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының 2025-2026 оқу жылғы жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасындағы облыстық «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауы 2026 жылғы 14 cәуірде «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің базасында өткізіледі.
«Мағжан оқулары» байқауының негізгі мақсаты – қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдеби шығармаларды оқуға қызығушылықтарын арттыру.
Байқау келесі 4 бағыт бойынша жүргізіледі:
- «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» – Мағжан шығармаларын жатқа оқу;
- «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» – жас ақындар сайысы;
- «Жасынан оқу оқып, өнер қуған…» – ғылыми жоба жұмысын қорғау.
- «Бәрінен де сен сұлу» — Мағжанның әндерін орындау шеберлігі.

