Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында Астанада 9-12 сәуір аралығында жыл сайынғы «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурсы өтті.
Конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Түркия мен Қытайдан 200-ден астам оқушы қатысты.
Іс-шараның мақсаты: жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін дамыту, тәжірибе алмасуға жағдай жасау және халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
Биылғы жылы конкурс үш бағыт бойынша жаңа халықаралық форматта өткізілді:
- AEROO Satellite Launch Competition – наноспутниктерді стратосфераға жобалау, құрастыру және ұшыру;
- AEROO Spase AI Competition – жасанды интеллектті пайдалана отырып ғарыштық жобаларды әзірлеу;
- AEROO Rocket Science Competition – су және макеттік зымырандарды жобалау, құрастыру және ұшыру.
«Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурста Павлодар облысының намысын дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Шатилов Роман қорғады.
Роман жасанды интеллектті пайдалана отырып жасаған ғарыштық зерттеу жобасын сәтті таныстырып, қола медальға ие болды (мұғалімі: Медведева Т.Ф.).

«Ертіс дарыны» өнірліқ қосымша білім беру
оқу әдістемелік орталығы

