Шымкент қаласында 2026 жылғы 9-13 сәуір аралығында 9-11 сынып оқушылары арасында орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, құқық негіздері пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Дарынды балаларды анықтау және олардың ғылыми әлеуетін дамытуға арналған зияткерлік байқауда еліміздің барлық өңірлерінен іріктелген 272 оқушы бақ сынады.
Оқушылар тапсырмаларды орындау арқылы өздерінің әдеби талдау, ойлау, шығармашылық және коммуникация қабілеттерін дамытып және құқықтық білім негіздерін игеріп, заңдар мен олардың күнделікті өмірде қолданылуын көрсете білді.
Павлодар облысын намысын қорғаған 12 оқушы 9 медальға ие болды: 3 алтын, 4 күміс және 2 қола.
Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша алтын медальдарына және І дәрежелі дипломдарына «Жас дарын» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Ахмедиева Адия (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, мұғалімі Г.С. Жанғазы), Павлодар қаласы А. Шамкенов атындағы лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Татару Елизавета (орыс тілі мен әдебиеті, мұғалімі А.А. Морец), дарынды балаларға арналған № 3 гимназияның 10 сынып оқушысы Басепова Жанель (құқық негіздері, мұғалімі Е. Г. Таран) ие болды.
Күміс медалімен және II дәрежелі дипломға дарынды балаларға арналған № 3 гимназияның 9 сынып оқушысы Қайролла Ақлима (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, мұғалімі Б. Т. Шукоева), Павлодар қаласы Ш. Шокин атындағы гимназия-мектебінің 11 сынып оқушысы Шрейдер Арина (орыс тілі мен әдебиеті, мұғалімі М. В. Димитрюк), Павлодар қаласы № 29 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Казкенов Ильяс (құқық негіздері, мұғалімі Б. Д. Сапанов), «Жас дарын» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Аубакирова Камила (құқық негіздері, мұғалімі З. Н. Исабаева) иеленді.
Қола медаль және III дәрежелі диплом иегерлері – «Жас дарын» мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Қабыкен Ботагөз (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, мұғалімі А.Б. Куставлетова), дарынды балаларға арналған № 3 гимназияның 9 сынып оқушысы Манкевич Мишель (орыс тілі мен әдебиеті, мұғалімі И. Ф. Назарова).

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы

