«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 15 сәуірде жалпы білім беретін мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары арасындағы Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.
Олимпиада мақсаты мен міндеттері – дарынды оқушыларды анықтау, қолдау көрсету, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету, ұлттық мәдениеті мен дәстүрлерге деген құрметті дәріптеу.
Олимпиада 2 тур бойынша өткізілді:
- тур – жазбаша – эссе;
- тур – ауызша.
Шараға облыс бойынша ауданнан және Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерінен оқушылар қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша 20 оқушы жүлделі орынға ие болды, оның ішінде: І орын –3, ІІ орын –6, ІІІ орын – 11.
І дәрежелі дипломмен – Май ауданы Е.Мұқашев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Бейсенбаева Сулужан; «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Мұхаметқан Аяулым; «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Хасеин Нұрхан марапатталды;
ІІ дәрежелі дипломға «Зерде» мамандандырылған мектебінің 11 сынып оқушысы Хабдуллова Ардана; Облыстық коп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Сатенова Данель; «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Кенжебек Раушан; Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 9 сынып оқушысы Сатбек Дильназ; Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Маден Айнұр; дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 10 сынып оқушысы Қоқан Фатима ие болды;
ІІІ дәрежелі дипломды Екібастұз қаласының №36 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Алпамыс Күнсәуле; Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 11 сынып оқушысы Тулеубекова Жания, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 9 сынып оқушысы Қайыркен Айжұлдыз; Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы Кенжебек Махпал; дарынды ер балаларға арналған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Құрманғали Дінмұхамед; дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Алдыбай Әнел; Екібастұз қаласының № 26 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Жапарова Зарина; «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Жұман Дана; дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 10 сынып оқушысы Қайыркен Зере; Ақсу қаласының Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Даулеткер Дария және Павлодар қаласының №47 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Рамазан Ағайша иеленді.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы

