«Астана дарыны» дарынды балалармен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2026 жылғы 20-22 сәуір аралығында Астана қаласында «KERUEN SCIENCE» химия және биология пәндері бойынша 7-8 сынып оқушыларына арасында республикалық  жасөспірімдер олимпиадасын өткізді.

Олимпиаданың мақсаты – химия, биология пәндерін тереңдетіп оқуға оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, олимпиадаларға дайындық жүйесін жоғары деңгейде жетілдіру, олимпиадалық резервті қалыптастыру. Үш күнге созылған зияткерлік сайыс барысында қатысушылар теориялық және практикалық кезеңдерден өтіп, өз білімдері мен зертханалық дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.

Олимпиадаға республикамыздың бүкіл аймағынан химия пәні бойынша – 85, биология пәні бойынша – 91, жалпы 176 оқушы қатысты. Павлодар облысы 8 оқушыдан тұратын құрама командасын ұсынды.

Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар облысының оқушылары         4 медаль жеңіп алды, оның ішінде 1 күміс және 3 қола. Құрмет грамотамен бір оқушы  марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі

Оқушының аты — жөні Пән Сынып Мектебі Орын
1 Ахметова Латифа        химия 8 Дарынды балаларға арналған

№ 8 лицей-мектебі

II
2 Вишенкова Виолетта   биология 7 Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты III
3 Кравчук Василиса химия 7 Дарынды балаларға арналған     № 8 лицей-мектебі III
4 Жингулов Ибрагим   биология 8 Дарынды балаларға арналған

№ 1 лицей-мектебі

ІІІ
5 Базарқұл Аңсар    биология 8 Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты ҚГ

 

 «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы