Алматы қаласындағы «Абай ұлттық мектебінде» 2026 жылғы 21-24 сәуір аралығында 9-11 қазақ сыныптарының оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті бойынша «Абайтану» VІІІ Республикалық олимпиадасы өтті. Оған Қазақстанның барлық өңірінен 112-дан астам қатысушы бар қатысты.
Олимпиаданың мақсаты – Абай мұраларын насихаттау арқылы оқушылардың Абай шығармаларын түсіну, пайымдау деңгейін дамыту, Абайдың білім, ғылымды игеру қағидаттары, ар ілімі, толық адам ілімін терең зерделеуге баулу.
Олимпиада қорытындысы бойынша ҚР БҒМ-нің III дәрежелі дипломымен марапатталғандар: Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Шорман Еркежан, Екібастұз қаласы №25 қазақ қыздар мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Инербаева Меруерт, Павлодар қаласы №38 жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Хуаныш Мұнара және Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназияның 8-сынып оқушысы Қайкен Аружан.


