Өткізілетін күні: 2026 жылғы 4 мамыр, басталуы – 10.00-де

Өтетін орны: № 44 сәбилер бақшасы  (Ткачев көшесі, 5/2)

Ұйымдастырушы: Павлодар облысының білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – балаларды мектепке даярлау мектеп жасына дейінгі баланы жан-жақты дамыту тұрғысынан мектепке дейінгі білім беру рейтингін арттыру болып табылады.

            Олимпиадаға облысымыздын 3 қаладан және 9 аудандардан мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының 5 тәрбиеленушісінен тұратын 12 командалары қатысады.

Олимпиада бағдарламасы:

09.00 – 9.30 – қатысушыларды тіркеу

10.00 – 10.15 – олимпиаданың ашылуы

10.20 – олимпиаданы өткізу

12.30 – олимпиаданың салтанатты жабылуы

Облыстық кезең қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыс білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ның Құрмет грамотасымен марапатталады.

Қосымша ақпарат: «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО, Павлодар қ., Мәшһүр Жүсіп көш., 189, тел. 87074982294