Өскемен қаласында дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының базасында 2026 жылғы 27-30 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері, академик Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадасы өтті.
Оқушылардың білімдерін тереңдету және жетілдіру, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында Қазақстанның әр өңірінен 180 оқушы қатысты.
Павлодар облысынан олимпиадаға облыстық кезеңінде І және ІІ орындарға ие болған жалпы орта білім беру және мамандандырылған мектептердің 9 оқушысы қатысты.
Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломын «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Хасеин Нұрхан (мұғалімі: Шаймерденова А. Т.) және Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Маден Айнұр (мұғалімі: Ахметова Г. К.) марапатталды.
Олимпиада кезінде ерекше жетістіктер көрсеткен үшін «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Мұхаметқан Аяулым (мұғалімі: Сырттанова А. Т.) мен облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Сатенова Данель (мұғалімі: Мукушева К.С.) «Дарын» РҒПО-ның грамоталарына ие болды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша
білім беру оқу-әдістемелік орталығы

