Анталья қаласында (Түркия) 2026 жылғы 22–26 сәуір аралығында  «Fibonacci Eurasia Robot Olympiad» халықаралық робототехника жарыс өтті.

Аталған беделді халықаралық іс-шараға 11 мемлекеттен 629 команда қатысты. Қатысушы елдер қатарында Түркия, Әзербайжан, Грузия, Румыния, Литва, Польша, Қырғызстан, Өзбекстан, Үндістан, Қазақстан және өзге де елдер бар.

Қазақстан Республикасының атынан 170 қатысушы мен жаттықтырушыдан құралған 84 команда өнер көрсетті.

Аталған жарыста «Сатурн» робототехника мектебінің 4-сынып оқушысы Багдат Жанали  Қазақстан құрамасы сапында қатысып, шығармашылық санат бойынша су тазарту жобасын ұсынды.

Қазылар алқасының шешімімен ұсынылған жоба жоғары бағаланып, оның мазмұндық сапасы, өзектілігі, жан-жақты пысықталуы, сондай-ақ қатысушының жобаны кәсіби деңгейде қорғауы мен сұрақтарға нақты әрі сенімді жауап беруі ерекше атап өтілді.

Қорытынды нәтижесінде Багдат Жанали жүлделі II орынды иеленіп, күміс медальмен және кубокпен марапатталды, сондай-ақ Италияда өтетін әлемдік финалға қатысуға жолдама алды.