Өткізілетін орны: Естай атындағы балалар музыка мектебі, Екібастұз қаласы, Мұхтар Әуезов к., 55/1
Күні мен уақыты: 2024 жылғы 14 мамыр, сағат 10:00–18:00
Ұйымдастырушы: Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы
Іс-шараның мақсаты: қазақтың көрнекті ойшылы әрі ақыны Машһүр Жүсіп Көпейұлының рухани мұрасын насихаттау, жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, азаматтық белсенділігін қалыптастыру, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту.
Қатысушылар: 8–11 сынып оқушылары — облыстық кезең жеңімпаздары.
Биылғы жылы Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 13 өңірінен шамамен 100 оқушының қатысуы күтілуде.
Байқау келесі бағыттар бойынша өткізіледі:
- «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген…» (ақындар мүшәйрасы);
- «Бас болып өнер білсең…» (ғылыми жоба қорғау);
- «Білімді зерек адам болам!» – десең…» (эссе жазу);
- «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар» (тұлғалар туралы деректерді талдау);
- «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар» (тұлғалар туралы деректерді талдау)
Марапаттау: жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Іс-шара бағдарламасы:
14 мамыр (бейсенбі):
- 10:00–10:30 — Байқаудың салтанатты ашылуы
- 10:30–14:00 — Байқаудың бес бағыт бойынша өтуі
- 14:00–15:00 — Түскі ас
- 15:00–15:45 — Марапаттау рәсімі
- 16:00–17:30 — Машһүр Жүсіп кесенесіне экскурсия
- 18:00 — Павлодар қаласына жолға шығу
Қосымша ақпарат: ӨҚББОӘО «Ертіс дарыны» орталығы тел.: 8-775-772-49-99

