«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2026 жылғы 28-30 сәуір аралығында Астана қаласында 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEсo» республикалық экологиялық жобалар конкурсын өткізді.
Конкурстың мақсаты: экологиялық мәселелерге қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
Конкурсқа республикамыздың барлық аймақтарынан 105 қатысушы бақ сынасты. Павлодар облысынан 5 жобамен 5 оқушы қатысты.
Конкурс қорытындысы бойынша Павлодар облысының оқушылары 4 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде ІІ орын – 1 және ІІІ орын – 3.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі
| № | Оқушының аты — жөні | Сынып | Мектебі | Орын |
| 1 | Рощенко Матвей | 8 | Павлодар қаласы, Ш. Шөкин ат. жалпы орта білім беру гимназия-мектебі | ІІ |
| 2 | Боранбай Сезім | 6 | Дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясы | ІІІ |
| 3 | Бекенова Жансулу | 8 | Май ауданы, Малайсары жалпы орта білім беру мектебі | ІІІ |
| 4 | Жақсылық Аңсат | 8 | «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі | ІІІ |
| 5 | Шнайдер Анатолий | 5 | Ертіс ауданы, №4 Ертіс жалпы орта білім беру мектебі |

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы

