«Ел үміті» қоры бастамасы аясында Қазақстанның ауыл мектептерінде білім алып жатқан 6-сынып оқушыларына «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы жетінші жыл қатарынан өткізілді.

Олимпиадасының мақсаты – Қазақстан Республикасының ауылдық мектептердегі талантты оқушылардың қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдай жасау.

2026 жылы олимпиаданың алғашқы кезеңіне республика бойынша 42 079 ауыл оқушысы қатысты, оның ішінде Павлодар облысынан —  3389 оқушы. І кезеңде қатысушылар логикалық және кеңістіктік ойлау бойынша кешенді тестілеуден өтті. Жалпы республика бойынша І кезең қорытынды бойынша 5000 оқушы финалға іріктелді, оның ішінде облысымыздан 1389 оқушы қатысып 94 оқушы ІІ кезеңге жолдама алды.

2026 жылғы 28 сәуірде ІІ кезең өткізілді. Қорытынды кезеңде оқушылар математикалық сауаттылық, қазақ тілі (қазақ сыныптары үшін), орыс тілі (орыс сыныптары үшін), ағылшын тілі және жаратылыстану пәндері бойынша тестілеуден өтті.

  «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының қорытындысы бойынша Павлодар облысының 11 қатысушысы жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Олимпиаданың жеңімпаздары, еліміздің дарынды балаларға арналған мектептерінде Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген квотаға сәйкес мамандандырылған мектептерінде білім алуға мүмкіндік алды.

Қорытынды кезеңінің барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.

Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық олимпиадасынының жеңімпаздары

Қатысушының аты-жөні Аудан/қала Мектеп
1 Қабдеш Бексұлтан Железин ауданы Новомир негізгі  мектебі
2 Садвакасова Айлин-Ляйлям Ертіс ауданы  №3 Ертіс жалпы орта білім беру мектебі
3 Құттыбай Арыстан Шарбақты ауданы Хмельницк жалпы орта білім беру мектебі
4 Сайм Айғаным Еркібастұз қаласы Сарғамыс жалпы орта білім беру мектебі
5 Сембек Қуат Баянауыл ауданы  З. Акышев ат. жалпы орта білім беру мектебі
6 Әділетқызы Ажар Май ауданы Ақжар жалпы орта білім беру мектебі
7 Ганбатқызы Назерке Баянауыл ауданы Служон жалпы орта білім беру мектебі
8 Ержан Айару Баянауыл ауданы Академик Қ. Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешені
9 Балагазина Зура Шарбақты ауданы  А. Кұнанбаев ат. жалпы орта білім беру мектебі
10 Рыспек Айару Ақтоғай ауданы Қараоба жалпы орта білім беру мектебі
11 Абылкияс Амирхан Павлодар ауданы Бірлік жалпы орта білім беру мектебі

«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО