«Robotek Grand Tournament» халықаралық чемпионаты 2026 жылғы 12-13 мамыр аралығында Астана қаласында өтті. Шара ұйымдастырушылары: «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Астана Дарын» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы, «Robotek» робототехника мектебі. Чемпионатқа еліміздің барлық аймақтарынан 350 оқушыдан тұратын 175 команда, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзірбайжан және Туркия елдерінен 83 қатысушыдан тұратын 45 команда қатысты. Барлығы 433 оқушы (220 команда) қатысты. Чемпионат 7 санат бойынша өтті. Павлодар облысының 11 команда (22 оқушы) таныстырды, олар: 1. «Роботек» санаты бойынша — команда «J34» (Баянауыл ауданы, М.Ж.Көпейұлы ат. жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары Хамза Төлебай, Хамза Айару); 2. «Инверстік сызық бойымен жарыс» — команда «В42» — (Баянауыл ауданы Ш. Шөкин ат. жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары Ерсін Муслим, Хамза Алпамыс);
- «Жеткізуші робот» — команда «Runner» (Павлодар қаласы № 25 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары Алисадыков Алихан, Қабдулла Абылайхан);
- «Мерген» — команда «А-10» (дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің оқушылары Агинтаев Адиль, Яресько Станислав);
- «РобоБаскетбол» — команда «J101» (Баянауыл ауданы, М.Ж. Көпейұлы ат. жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары Көшен Думан, Марал Нұрислам);
- «РобоБаскетбол» — команда «Robo-Star» («Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушылары Жақсылық Аңсат, Текенов Мансур);
- «Туды жеткізу» — команда «B87» (Баянауыл ауданы Ш.Шөкин ат. жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары Дуйсен Бекболат, Асқар Еламан);
- «Сұрыптаушы робот» — команда «В9» (Баянауыл ауданы, З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары) Нұрлыбекұлы Аманжол, Пәзіл Ақберен);
- «Сұрыптаушы робот»-команда «Робо Ұрпақ» (Павлодар қаласы, № 2 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары Серік Азамат, Шаймурат Дархан);
- «Роботек» — команда «Steel Minds» (Павлодар қаласы, № 2 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары Жанабай Нұрасыл, Мұхарам Аслан);
11. «Инверстік сызық бойымен жарыс» — команда «Abai» (дарынды балаларға арналған Абай ат. гимназиясының оқушылары Сансызбай Айзере, Сыздық Ернұр).
Чемпионат қорытындысы бойынша алтын медальмен «В9» команда кұрамында Баянауыл ауданы З. Ақышев ат. жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушылары Нұрлыбекұлы Аманжол, Пәзіл Ақберен марапатталды. Қола медальмен «J34» команда кұрамында Баянауыл ауданы, М.Ж.Көпейұлы ат. жалпы орта білім беру мектебінің 5, 4-сынып оқушылары Хамза Төлебай, Хамза Айару; Баянауыл ауданы Ш. Шөкин атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 4, 2-сынып оқушылары Ерсін Муслим, Хамза Алпамыс иеленді.
Әр номинация бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы

