«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2026 жылғы 14 мамырда Павлодар қаласындағы №8 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінде 5-6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың қорытынды (республикалық) кезеңін smart.daryn.kz онлайн-платформасында өткізді.
Олимпиада келесі 8 пән бойынша өтті: математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытылатын сыныптардағы қазақ тілі, қазақ тілінде оқытылатын сыныптардағы орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы.
Павлодар облысынан республикалық олимпиадаға өңірлік кезеңнің 18 жеңімпазы қатысып, келесі нәтиже көрсетті.
Математика пәнінен І дәрежелі дипломға дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 5-сынып оқушысы Мухамедияров Абулхаир және 6-сынып оқушысы Мерзявко Андрей (мұғалімі Стадникова Л.В.) , ІІ дәрежелі дипломға дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 6-сынып оқушысы Сероокий Егор (мұғалімі Стадникова Л.В.) ие болды.
Қазақстан тарихы пәнінен І дәрежелі дипломды Ы.Алтынсарин атындағы дарынынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 5-сынып оқушысы Оразалы Жаннұр (мұғалімі Мүтан А.М.) ие болды.
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен ІІІ дәрежелі дипломға Ертіс ауданы Ертіс №3 ЖОББМ 6-сынып оқушысы Дацко Анна (мұғалімі Тлеуленова Л.Е.) ие болды.
Жаратылыстану пәнінен ІІІ дәрежелі дипломды Ақтоғай ауданы Қ.Сәтбаев ат. ЖОББМ 5-сынып оқушысы Тургазынов Есен иеленді (мұғалімі Сатыбалдина Д.Ж.).
«Дарын» РҒПО-ның грамоталарымен «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Қадархан Айман және Аққулы ауданы Ямышев ЖОББМ 5-сынып оқушысы Индербаева Лиана марапатталды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы

