Өтетін уақыты: 2026 жылғы 25-28 мамыр күндері.

Өтетін орны: Павлодар облысы, Баянауыл кенті, Ш.Айманов атындағы мектеп-интернаты.

Ұйымдастырушы: Павлодар облысының білім беру басқармасы, «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.

Олимпиада  мақсаты – оқушыларды жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен бағдарламалау бойынша олимпиадалық резерв құру болып табылады.

         Олимпиадаға 14 команда (құрамында 86 қатысушы) қатысады екі қаладан  Астана, Алматы, Қазақстанның алты аймағынан (Алматы, Ақмола, Абай, Жамбыл, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан)  және Назарбаев Зияткерлік мектебі.

. Олимпиада екі күн бойы 2 турда өткізіледі:

 І тур – 3 бағыттың бірін таңдау бойынша жеке жазбаша түрде:

— математикалық (математика, физика, химия пәндерінен кіріктірілген тапсырмалар);

— жаратылыстану-ғылыми (химия, биология, география пәндерінен кіріктірілген тапсырмалар);

— бағдарламалау (тілдердің бірінде есептерді шешу: Pascal, С++, Python).

ІІ тур – жазбаша және ауызша түрде (теория және практика) 6 пәннің бірі таңдау бойынша,  математика, физика, химия, биология, география,  информатика. 2-турдың тапсырмаларының шешімдері қазылар алқасының мүшелеріне ауызша тапсырылады. Әр тапсырма бойынша қатысушы екі тәсілден артық жасай алмайды.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, Құрмет грамоталамен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

Олимпиаданың жаратылыстану-ғылыми және математикалық бағыттары бойынша 2 турдың  ең үздік жиынтық нәтиже көрсеткен командалары «Үздік олимпиадалық команда-2026» дипломдарымен марапатталады.

         Олимпиада барысында қатысушылар үшін академик Қ.И. Сәтбаевтың өмір жолы мен шығармашылығына арналған «Дала данышпаны» квизі және «Баянауыл» ұлттық паркіне танымдық экскурсия ұйымдастырылады.

 Қосымша ақпарат: «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО, Павлодар қ.,Мәшһүр Жүсіп көш., 189, тел: 87074982294.