Астана қаласында 2026 жылғы 20–21 мамыр күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша 7–8 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты — оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, білім алушылардың қабілеттері мен бейімділіктерін аңықтауға жағдай жасау, дарынды балалармен жұмыс аясында, ерте бейіндік бағдар беру, сондай-ақ республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталы оқушыларды анықтау.
Қорытынды кезеңге еліміздің барлық өңірлерінен 547 оқушы қатысты. Павлодар облысының намысын 23 оқушыдан құралған команда қорғады. Қатысушылар жаратылыстану-математикалық бағыттағы (математика, информатика, география, физика, химия, биология) және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы (Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, ағылшын тілі) пәндер бойынша жоғары білім деңгейін көрсетті.
Жалпыкомандалық есепте Павлодар облысының командасы жоғары нәтиже көрсеткен үшін «Ең үздік олимпиадалық команда – 2026» атағына ие болып, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша ІІ орынға, ал қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша ІІІ орынға иеленді.
Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар облысының оқушылары 12 медаль жеңіп алды, оның ішінде: алтын — 3, күміс — 7, қола — 2.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының жеңіпаздары мен жүлдегерлері
| № | Қатысушының
аты-жөні |
Пән | Сынып | Мектеп | Орын |
| 1 | Филиппов Максим
|
Ағылшын тілі | 7 | Ақсу қаласының №4 орта мектебі | ІІІ |
|
2 |
Нуркенов Мансур | Ағылшын тілі | 8 | Қ.Сәтбаев ат. дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы | |
|
3 |
Андреева Анна | Биология | 8 | Павлодар қаласының №29 жалпы орта білім беру мектебі | |
|
4 |
Әділхан Ақжарқын | Биология | 7 | Қ.Сәтбаев ат. дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы | |
| 5 | Рябушев Давыд | География | 7 | Екібастұз қаласының №13 жалпы орта білім беру мектебі | |
| 6 | Қыстаубайұлы Мұстафа | География | 8 | Павлодар ауданының Заря жалпы орта білім беру мектебі | ІІ |
| 7 | Мұхарам Тұрар | Информатика | 7 (6) | Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы | |
|
9 |
Кравчук Василиса | Химия | 7 | Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі | ІІ |
|
10 |
Ахметжан Аяулым | Қазақ тілі мен әдебиеті | 8 | «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі | |
|
11 |
Кожина Айшабибі | Қазақ тілі мен әдебиеті | 7 | Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты | ІІ |
|
12 |
Мубаракова Дарина | қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі | 7 | Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы | |
|
13 |
Касамбаева Жансая | қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі | 8 | Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы | |
|
14 |
Мусаипова Адина | Қазақстан тарихы | 8 | Дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты | |
| 15 | Сипатова Айя | Қазақстан тарихы | 7 | Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернат | ІІ |
| 16 | Куракбаев Алихан | Математика | 8 | Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі | ІІ |
| 17 | Казезова Диана | Математика | 7 | Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі | |
| 18 | Кужельная Маргарита | Орыс тілі
мен әдебиеті |
7 | Екібастұз қаласының №13 жалпы орта білім беру мектебі | ІІ |
|
19 |
Жукова София | Орыс тілі
мен әдебиеті |
8 | Павлодар қаласының Ш. Шөкин ат. жалпы орта білім беру гимназия-мектебі | І |
| 20 | Турсун Рауан | Физика | 7 | Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі | І |
| 21 | Уткин Николай | Физика | 8 | Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі | І |
|
22 |
Нартай Мұхаммед | Химия | 7 | Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» облыстық лицей-интернаты | ІІІ |
|
23 |
Аманбай Азиза | Химия | 8 | Дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты | |
| 24 | Жандельдинов Бексултан | Математика | 8 | «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі | ІІ |


