«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Баянауыл кентінде 2026 жылғы 25-28 мамыр аралығында Қ. Сәтбаев атындағы ХІV аймақтық олимпиадасын өткізді.

Олимпиада  мақсаты — оқушыларды жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен бағдарламалау бойынша олимпиадалық резерв құру болып табылады.

         Олимпиадаға 14 команда (құрамында 85 қатысушы) екі қаладан  Астана, Алматы, Қазақстанның алты аймағынан (Алматы, Ақмола, Абай, Жамбыл, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан)  және Назарбаев Зияткерлік мектебі қатысты.

 «QazaqGeography» Республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен қатысушылар үшін академик Қ.И. Сәтбаевтың өмір жолы мен шығармашылығына арналған «Дала данышпаны» квизі өткізілді. Квиз нәтижесі бойынша 17 қатысушы жеңімпаз атанып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Олимпиада қорытындысы бойынша 36 жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, Құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен  марапатталды.

І дәрежелі дипломдарына – 6, ІІ дәрежелі дипломдарына – 13,            ІІІ дәрежелі дипломдарына – 17 қатысушы иеленді. Құрмет грамоталарына – 9 қатысушы ие болды.

Екі тур бойынша ең үздік жиынтық нәтиже көрсеткен үшін «Үздік олимпиадалық команда-2026» атағын жаратылыстану-ғылыми бағыты бойынша Маңғыстау облысының командасы  және  математикалық бағыты бойынша Павлодар облысының командасы иеленді.

 

         «Ертіс дарыны» өңірлік қосымшабілім беру оқу-әдістемелік орталығы