Сочи қаласындағы (Ресей) 2026 жылғы 10–22 мамыр аралығында биологиядан Ашық Халықаралық олимпиада (OIBO) өтті. Шараға 17 мемлекеттен 100-ден астам мектеп оқушысы қатысты. Қатысушылардың қатарында Ресей, Қазақстан, Сауд Арабиясы, Индонезия, Таиланд, Түркия, Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР), Бангладеш, Камбоджа және Венесуэла елдерінің оқушылары болды.

Олимпиаданың басты міндеті — жас зерттеушілерді қазіргі заманғы биологиялық және биотехнологиялық мәселелерді шешуге тарту, сондай-ақ халықаралық тәжірибе алмасуды дамыту.

Қазақстан құрамасына еліміздің түрлі өңірлерінен келген 6 мектеп оқушысы бақ сынады. Олардың арасында Павлодар қаласындағы дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушылары бар: Ерсұлтан Қайркен және Нурали Билялов.

Олимпиада қорытындысы бойынша алтын медальді 11 сынып оқушысы Қайркен Ерсұлтан, күміс медальді 10 сынып оқушысы Билялов Нурали (мұғалім – Әмзеев Олжас Бекенұлы) жеңіп алды.