Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті мен Павлодар облысының білім беру басқармасы арасындағы қол қойылған меморандум аясында 2026 жылғы 8-19 маусым аралығында университеттің базасында 7-8 сынып оқушыларына арналған «Ғылыми десант» шеңберінде оқу-жаттықтыру жиындары өткізілуде.
Сабақтар 9 пән бойынша ұйымдастырылған:
- Математика;
- Информатика;
- Физика;
- Химия;
- Биология;
- Қазақстан тарихы;
- Қазақ тілі мен әдебиеті;
- Орыс тілі мен әдебиеті;
- Ағылшын тілі.
Шараның мақсаты: дарынды балаларды қолдау, оқушыларды жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру және олимпиадалық резерв құру.
Игі шараға әр пән бойынша облыстық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 7-8 сыныптың 117 оқушысы қатысуда.


