Бузэу қаласында (Румыния) 2026 жылғы 15-20 маусым аралығында жасөспірімдер арасындағы беделді Балқан математика олимпиадасы (Junior Balkan Mathematical Olympiad, JBMO) өтті.
Олимпиада Балқан өңірі елдерінің оқушылары мен шақырылған 16 жасқа дейінгі ең үздік жас математиктерге арналған беделді халықаралық олимпиадалардың бірі болып табылады.
Олимпиадаға әлемнің 26 елінен 160-қа жуық мектеп оқушысы қатысты.
Қазақстан бұл олимпиадаға 2004 жылдан бері қатысып келеді. 2025 жылы Қазақстан құрамасы жарысқа қатысу тарихындағы ең үздік нәтижесін көрсетіп, төрт алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Қазақстан Республикасының намысын 6 оқушыдан құралған ұлттық құрама команда қорғады. Ұлттық құрама команда сапында дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Әлихан Құрақбаев (мұғалімі В.Г. Шкиль) бақ сынады. Олимпиадада Әлихан жоғары жас ерекшелігі санатында өнер көрсетіп, 10-сынып бағдарламасы бойынша олимпиада тапсырмаларын орындады.
Олимпиада қорытындысы бойынша Әлихан Құрақбаев қола медаль жеңіп алды.
Командалық есепте 24 ел қатысушылары арасында біздің оқушыларымыз екінші орынды иеленді.
Жас дарынға жаңа белестерді бағындырып, математика шыңдарын бағындыра беруін тілейміз!

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім
беру оқу-әдістемелік орталығы

