Вильнюс қаласында (Литва) 37-ші халықаралық биология олимпиадасы (IBO) аяқталды. 2026 жылдың 12-19 шілдесі аралығында өткен зияткерлік жарысқа әлемнің 80-нен астам елінің ең мықты жас биологтары қатысты.
Олимпиада барысында қатысушылар күрделі зертханалық және эксперименттік тапсырмаларды орындай отырып, терең теориялық білімдерін ғана емес, практикалық дағдыларын да көрсетті.
Беделді олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар қаласының ер балаларға арналған «Білім – Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Қайыркен Ерсұлтан күміс медаль жеңіп алды.


