2026-2027 оку жылына арналган экологиялык тәрбие жөніндегі шаралар жоспары шеңберінде Павлодар облысы білім беру баскармасының «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ы облыстық «Ертіс» телеарнасымен бірлесіп 8-10 сынып оқушылары арасында «Жас экорепортер» облыстық экологиялық байқауын өткізеді.

Байқаудың негізгі мақсаты: оқушылардың табиғатка қатысты экологиялық дүниетанымын қалыптастыру, қоршаған ортаның сапасын жақсартатын экологиялык іс-шараларды өткізудің маңыздылығын тусінуіне ықпал ету, Павлодар өңіріндегі экологиялық проблемаларға назар аудару болып табылады.

Байқау екі кезең бойынша өткізіледі:

1) аудандық, қалалық кезең;

2) облыстық кезең.

Конкурсты ұйымдастыру және өткізу ережелері «Ертіс дарыны» ОҚББОӘО-ы сайтында www.ertisdaryn.kz орналастырылған.