2026 жылғы 22 қыркүйекте жалпы білім беретін оқу орындарының 8–11 сынып оқушылары арасында облыстық «Махамбет оқулары» конкурсы өткізіледі.

Конкурстың негізгі мақсаты – Махамбет Өтемісұлының ұлт рухын көтеретін, рухы биік шығармаларын насихаттау, жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттері мен табиғи дарындарын анықтау және қолдау.

Байқау 5 бағыт бойынша ұйымдастырылады:

  1. «Нарында» – Махамбет шығармаларының ұсынылған үш тақырыбының бірін таңдап, иллюстрациялық сурет салу. Жұмыс уақыты – 3 сағат, жұмыс форматы – А3.
  2. «Ел құтқарар ер едім…» – Махамбет шығармаларын жатқа оқу. Қатысушы жатқа оқитын шығармаларының тізімін өзі және қазылар алқасы ұсынуы қажет.
  3. «Шашақты найза, шалқар күй» – Махамбет күйлерін орындау.
  4. «Тартынбай сөйлер асылмын…» – жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу. Қатысушыларға ұсынылған тақырып бойынша өлең шығару үшін 40 минут уақыт беріледі.
  5. «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелденмен өткен ер» – «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыптарының бірін қорғау.

Әр бағыт бойынша 1 оқушыдан қатысады.

Қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін қабылданады.

Конкурстың өткізілетін орны мен нақты уақыты туралы қосымша ақпарат беріледі.