Павлодар облысы білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы жаратылыстану-математика циклы бойынша IX Президенттік олимпиадасы үш кезеңде өткізілетінін хабарлайды.
Прзиденттік олимпиадаға бұрын-соңды республикалық және халықаралық пән олимпиадаларына қатыспаған республиканың білім беру ұйымдарының 11 сынып түлекетері қатысады.
Олимпиаданың бірінші (өңірлік) кезеңі ағымдағы жылдың 1 қазанда сағат 10:00-де Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің базасында өткізіледі.
Екінші (іріктеу) кезең екі турда өткізіледі. Бірінші тур 21 қазанда сағат 10.00-де, екінші тур (шығармашылық, эссе жазу) сол күні сағат 12.00-де өткізіледі.
Үшінші (республикалық) кезең өткізілетін күнін қосымша хабарлаймыз.

