2026 жылғы 19 қыркүйекте «Ел қамын жеген Едіге би» атты облыстық оқулары  Баянауыл ауданы, Жаңатілек ауылы, Б. Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебінде өтті.

Едіге би Төлеубайұлы (XVII ғ. аяғы  -XVIII ғ. басы ) қазақтың көрнекті биі. Тәуке ханның билер кеңесінің мүшесі. «Жеті жарғы» заңдар жинағын түзуге қатысушы. «Етегіне ел сыйған Едіге би» деген атпен қазақ тарихында алтын әріппен жазылған тарихи тұлға.

«Ел қамын жеген Едіге би» облыстық оқулары Қазақстан Республикасының Президенті —  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіндегі негізгі құндылықтарды басшылыққа ала отырып жасалған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру және Ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыру мақсатында «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мен «Павлодар облыстық өлкетанушылар қоғамы» қоғамдық бірлестігі бірлесіп облыс мектептерінің оқушылары арасында «Ел қамын жеген Едіге би» облыстық оқулары ұйымдастырылды.

Облыстық оқулар  келесі секциялар бойынша өтті: «Едігедей би өткен» — эссе жазу; «Етегіне ел сыйған Едіге би» — ғылыми зерттеу жұмыстарын қорғау; «Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен Едіге би» — тест жазу жұмыстары.

«Ел қамын жеген Едіге би» оқулары 2019 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биылғы оқуларға облыстың 6 ауданы мен 2 қаласынан 42 оқушы қатысты. Олар: Павлодар, Ақсу қалалары, Баянауыл, Железин, Май, Шарбақты, Аққулы және Павлодар аудандары.

Облыстық Едіге би оқуларының негізгі құрылтайшысы, әрі ұйымдастырушысы, — «Павлодар облыстық өлкетануышылар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Қалымқұлов Рүстембек Төлектемірұлы «Едіге би» өмір сүрген кезеңдегі қазақ өмірінің қоғамдық – саяси-тарихи хал- ахуалына кеңінен тоқталды. Тұрышев Айтмұхамет Қасымбайұлы — Торайғыров университеті профессоры, филология ғылымдарының докторы, мәшһүртанушы Мәшһүр –Жүсіп шығармаларындағы Үш Едіге оның ішінде Би Едігеге шолу жасады.

Облыстық оқулардың қортындысында келесі оқушылар марапатталды:

«Едігедей би өткен» эссе жазу бойынша: Бас жүлде – Айзере Мылтықбай, Баянауыл ауданы Жаңатілек аулының Б. Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы;1-орын – Хайратбек Назерке, Ақсу қаласы Қ. Сәтбаев атындағы гимназияның 9-сынып оқушысы; 2-орын — Кенжехан Жансұлу, Павлодар қаласы №3 гимназияның 9-сынып оқушысы; 3-орын – Рүстембеков Айзере, Ы. Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы.

«Етегіне ел сыйған Едіге би» ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша: Бас жүлде – Сейітқазы Іңкәр, Баянауыл ауданы, Бірлік ауылының                            Ж. Ағаділов атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы; 1-орын — Дошмат Айсұлтан, Павлодар қаласы, Дарынды балаларға арналған №3 гимназияның 10-сынып оқушысы; 2-орын — Бекен Сабина, Павлодар ауданы, Ямышев жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы; 3-орын — Мұсайла Айша,                            Ы. Алтынсарин атындағы балаларға арналған қазақ гимназия-интернатының 8-сынып оқушысы.

«Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен Едіге би» тест сұрақтары бойынша: Бас жүлде – Қайсина Бибінұр, Май ауданы Ақшиман ауылы негізгі мектебінің 8-сынып оқушысы; 1-орын — Кенжебеков Аманжол, Баянауыл ауданы Д. Рахметов атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы; 3-орын -Болатжан Інжуна, Ы. Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының                    10-сынып оқушысы.

Облыстық сайысқа қатысушы жас түлектер көптеген тарихи әңгімелер тыңдады. Ең маңыздысы «Едіге бидің билік тасы», «Қазыбек бидің сөре тасы» секілді тарихи орындарды көріп, тамашалап қайтты. Сөйтіп, оқушылар өлшеусіз рухани байлық алып, көкірек көздері ашылып келді деген ойдамыз.