«Тәуелсіздік ұланы» сыйлықақысы келесі номинациялары бойынша беріледі:
- «Ғылыми-техникалық шығармашылық және оқу-зерттеу қызметі»;
- «Кәсіби шеберлік (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін)»;
- «Шығармашылық шеберлік»;
- «Спорттық шеберлік»;
- «Әлеуметтік маңызы бар және қоғамдық қызмет».
Конкурс екі кезеңде өткізіледі:
I кезең – аудандық / қалалық
II кезең – облыстық (қорытынды).
Қалалық және аудандық білім беру бөлімдері, мамандандырылған, арнайы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары I кезең жеңімпаздарының облыстық кезеңге қатысуға арналған құжаттарын (портфолиосын) 2026 жылғы 26 қыркүйекке дейін тапсыруы қажет.
Республика күні қарсаңында «Тәуелсіздік ұланы» сыйлықақысының иегерлері іс-шара қорыдындысы бойынша 100 жеңімпаз төсбелгімен және 50-еселі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай сыйақымен марапатталады.

