«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 29 қыркүйекте «Жас дарын» мамандандырылан мектеп-лицейіде Жамбыл Жабаевқа арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңі өткізілді.

Айтыс мақсаты: мектеп оқушылары арасында Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын насихаттау, жас ақындардың суырып салмалық қабілеттерін, тума таланты мен табиғи дарындарын анықтау, жас айтыскерлерге әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру.

Іс-шараға облыс жалпы білім беру және мамандандырылған мектептерінің 8-11 сыныптарынан 10 оқушы қатысты.

Айтыс екі бағыт бойынша өтті:

1) тақырыптық айтыста қатысушылар Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы, жалпы елдегі хал-ахуалы туралы жырлап, бір-біріне мәнді де мағыналы жауап қайтара білді;

2) қайым айтыста – айтысты бастаған қарсыластың айтқан өлеңінің алғашқы екі жолын бұзбай, мағыналық тұрғыда ғана сәл өзгертіп немесе сол қалпында сақтап, соңғы екі жолында жауап қайтарды.

Сайыс қорытындысында 10 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, облыс білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды: І дәрежелі диплом – 2, ІІ дәрежелі диплом – 4, ІІІ дәрежелі диплом – 4.

«Тақырыптық айтыс» бағытында І орынға – Облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 8 сынып оқушысы Өміржан Әбілмансұр ие болды.

«Қайым айтыс» І орынды – Баянауыл ауданы, Ш.Шөкин атындағы жалпы білім беру орта мектебінің Совет Жансерік  иеленді.

Облыс кезеңінің жеңімпаздары  2026 ж. 13-16 қазан аралағында Алматы облысы Жамбыл ауылында  өтетің республикалық айтысқа қатысады.

Қорытынды

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы