Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі 2026 жылғы 1 қазанда сағат 10.00-де Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің базасында (Павлодар қаласы, Торайғыров көшесі, 58) өткізіледі.

Олимпиаданың негізгі идеясы — орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда  оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету, тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.

Олимпиадаға білім беру ұйымдарының бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған 11 сынып оқушылары қатысады.

Олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды орындайды: математика, физика, химия және биология.

Екінші кезеңнің екі турының қорытындысы бойынша республикалық ұйымдастыру комитеті республикалық кезеңнің қатысушыларын анықтайды.

Қосымша ақпаратты келесі мекенжайдан алуға болады:

 Павлодар қ., Мәшһүр-Жүсіп көш., 189,  «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру орталығы, 87072915125.