Байқау мақсаты мен міндеті – қазақ тілі мен ұлттық өнерді құрметтейтін, шығармашылық ойлайтын, ойын дәлелді әрі көркем жеткізе алатын дарынды оқушыларды анықтау, қолдау және олардың шығармашылық дамуына жағдай жасау.

 «Ақберен» байқауы облыстық жалпы орта білім беру оқу орындарының 8-11 сынып оқушылары арасында 2026 жылғы 14 қазанда  өтеді. Облыстық байқауға аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары қатысады.

Байқау 6 бағыт бойынша өткізіледі:

  1. Шешендік өнер және сөз сайысы
  2. Көркемсөз оқу өнері
  3. Эссе және әдеби ойлау
  4. Ұлттық аспапта орындау
  5. Ақындар айтысы
  6. Ақындар мүшәйрасы

Облыстық кезең қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Жеңімпаздар республикалық кезеңге жолдама алады.