Өткізілетін күні: 2026 жылғы 9 қазан, басталуы – 10.00-де
Өтетін орны: Павлодар қаласы Малайсары батыр атындағы жалпы орта білім беру мектеп базасында (Малайсары батыр көшесі, 3) өтеді.
Ұйымдастырушы: Павлодар облысы білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.
Конкурстың негізгі мақсаты — оқушылардың табиғатқа қатысты экологиялық дүниетанымын қалыптастыру, қатысушысының қоршаған ортаның сапасын жақсартатын экологиялық іс-шараларды өткізудің маңыздылығын түсінуіне ықпал ету, оқушылардың назарын Павлодар аймағындағы экологиялық проблемаларға аудару.
Облыстық экологиялық конкурсына 87 қатысушы-үш бағыт бойынша 8-10 сынып оқушылары қатысады:
- Елім мен туған жерімдегі табиғатты қорғау: мәселелер мен шешу жолдары;
- Жасыл аймақтардың табиғат пен адамдар өміріндегі маңызы;
- Экологиялық қауіпсіздік адам мен қоғам денсаулығының негізі ретінде
Конкурсының бағдарламасы:
9.00 – 9.30 – қатысушыларды тіркеу
10.00 – 13.00 – конкурсты өткізу
Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар облысы білім беру басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Қосымша ақпарат: «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО, Павлодар қ., Мәшһүр Жүсіп көш., 189.

