«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2026–2027 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 9–10 сынып оқушылары арасында «Менің шағын Отаным» атты жас тарихшылардың IX республикалық зияткерлік Конкурсы өтетінін хабарлайды.

      Өткізу тәртібі мен мерзімі

Конкурс үш кезеңнен тұрады:

  1. Аудандық (қалалық) кезең: 2026 жылғы 15 қазан, басталу уақыты-сағат 10:00. Ұйымдастыру мен өткізуді аудандық (қалалық) білім басқару органдары қамтамасыз етеді.
  2. Облыстық кезең: 2026 жылғы 21 қазан, басталу уақыты-сағат 10:00.
  3. Республикалық кезең: 2026 жылғы 31 қазан мен 2 қараша аралығында, Жамбыл облысы, Тараз қаласы.

Конкурстың әр кезеңі екі турдан тұрады:

   I тур: барлық өңірлерде бір мезгілде басталатын тестілеу;

   II тур: тиісті номинация бойынша стендтік жұмысты қорғау.

Тест тапсырмалары «Дарын» РҒПО әзірлеп, smart.daryn.kz платформасында орналастырылады.

Қатысушыларды тіркеу

Аудандық (қалалық) кезеңге қатысушыларды  smart.daryn.kz платформасында тіркеу 2026 жылғы 12 қазанда сағат 09:00-де басталып, 13 қазанда  сағат 18:00-де аяқталады..

Белгіленген мерзімде тіркеуден өтпеген қатысушылар Конкурстың облыстық және республиканский кезеңдеріне жіберілмейді.

Тіркелу және тестілеуге қатысу бойынша жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бейне нұскаулар  smart.daryn.kz платформасының тіркеу парақшасында қолжетімді болады.

Облыстық кезеңге қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 16 қазанды қоса алғанда  қабылданады.